Site icon KAZAKBOL

Атырау тұрғыны аммиактан уланып мерт болды

Қазіргі уақытта адам өлімі фактісі бойынша тергеу амалдары басталды

Атырауда аммиактан уланған 28 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қайғылы оқиға супермаркеттер желісіне тиесілі ірі сауда компаниясы қоймаларының бірінде болған. Қоймадағы ер адам тоңазытқыш қондырғысының аммиак буынан уланып қалған. Ол жерде құбыр желісі жарылған», — деп мәлім етті Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта адам өлімі фактісі бойынша тергеу амалдары басталды, бірқатар сараптама тағайындалды.

Exit mobile version