Халел Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері бір айлық далалық жиындардан өтуде.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығының талаптарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 маусымы мен 25 шілдесі аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы әскери кафедра студенттерімен далалық оқу-жиындары өткізілуде.
Бұл оқу жиындардың басты мақсаты – студенттерге әскери кафедрадағы оқу процессі барысында жинаған теориялық білімдерді тәжірибе ретінде іске асыру, олардың оқу-есептік мамандығына байланысты машықтылығын жақсарту болып табылады. Жиын барысында студенттер жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықты ұйымдастыру, сонымен қоса тәрбие жұмыстары мен идеологиялық, жаппай-спорттық, мәдени-сауықтыру іс-шараларын өткізумен айналысады.
Жуырда, болашақ офицерлер «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасыты «Қаработан» оқу полигонына шығып, Макаров тапаншасы мен АК-74 автоматынан алғашқы атыстарын өткізіп, жаппай жою қаруларына қарсы, инжинерлік қамтамасыз ету нормативтерін орындады. Халел Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әскери каферда басшысы, полковник Қуандық Бердыгалиевтің айтуы бойынша, аталмыш оқу-жиындар әскери кафедрадағы дайындықтың қортынды сынағы болып табылады. Бұл үдіріс, Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік даярлығын жақсартып, оқытылған жұмылдыру резервін қалыптастыруға зор септік тигізетінің айтып кетті.
Бүгінгі күні, Атыраудағы әскери кафедрада болашақ мотоатқыш, әскери байланыс және тәрбиеші офицерлерді оқытып шығарады. Жиын сонында студенттер салтанатты түрде ант қабылдап, Отанымыздың толықтай қорғаушысы құқығына ие болады.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының
баспасөз қызметі
капитан Рустем Игисинов
Байланыс: +7-777-641-11-72