Site icon KAZAKBOL

Атыраулық тұрғындар мұзға айналған трассада шанамен жүйткіді

Видеодан алынған кадр

Атырауда мұз боп қатып қалған трассаның үстінде шанамен сырғанаған жігіттер жұртты таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көктайғақтың салдарынан қала көшелерінде жүріп-тұру атыраулық тұрғындар үшін қиындық тудырып жатыр. Алайда, айнадай жылтыраған тас жолды экстремалды спорт түріне айналдырған жастар да табылып жатыр.

Көліктің артына шананы жалғап, жолдың бойында мәз болып келе жатқан жігіттердің видеосы Instagram желісіндегі Zello_Atyrau парақшасына жарияланған.

 

Exit mobile version