Site icon KAZAKBOL

Атышулы Ақбота Сейітмағамбет мінсіз мүсінімен Баянды таңғалдырды ( видео)

Ақбота Сейітмағамбет. Фото: Instagram

Атышулы Ақбота Сейітмағамбет желідегі парақшасында жаңа жылдық түсірілім кезіндегі суретін жариялады. Арты ашық көйлекпен тұрған актриса мінсіз мүсінімен көрермендерін ғана емес, экс-продюсері Баян Есентаеваны да тәнті етті.

Әншінің бұрынғы продюсері Instagram парақшасындағы Insta-Story-на Ақботаның видеосын жүктеп: «Ең сұлу қыз!»,- деп жазған.

Желі қолданушылары болса Ақботаның көйлегі ашық болса да, өзіне жарасып тұрғанын айтты.

«Көйлегіңіз ашық болса да, өте сұлу болып тұрсыз!», «Бала босанған келіншекке мүлдем ұқсамайсыз», «Сұлулығыңызға тәнті болдым! Қазақтың ең сұлу қызы!»,- деп жазған желідегілер.


Nur.kz

Exit mobile version