Site icon KAZAKBOL

Атышулы саясаткер ет жеуді мүлде қоятынын айтты

Атышулы саясаткер Сильвио Берлускони вегетариандарша өмір сүру жолын таңдапты.

Осыған байланысты енді ол ет жеуді мүлде қояды, деп жазады Corriere della Sera басылымына сілтеме жасап 24.kz.

«Жануарлардың бауыздалатыны есіме түскен кезде ет жеуге зауқым соқпай қалады. Етсіз де өмір сүруге болады. Енді ет жемеймін», — деді 79 жастағы саясаткер.

Жалпы Берлускони веган болу туралы шешімді жуырда ғана қабылдапты. Сол себепті ол өзінің аспазына тамақты етсіз пісіруге бұйрық берген, деп жазады gazeta.ru.

 


 

Exit mobile version