Site icon KAZAKBOL

Атышулы тәжік шенеунігі Өзбекстанға елші болып тағайындалды

Абдуджаббор Рахмонзода Тәжікстанның Өзбекстандағы елшісі қызметіне тағайындалды. Мұндай жарлыққа 4 мамырда тәжік президенті Эмомали Рахмон қол қойды.

Ол осыған дейін президент көмекшісі, білім және ғылым министрі, мемлекеттік телерадио кешенінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2004 жылы телерадиода басшылық қызметте жүргенде, қызметкерлеріне диктант жазғызатын.

Білім министрі болып тұрғанда, студенттерге оқу ғимаратына қысқа белдемше не ислам киімін киіп келуге, ұялы телефон қолдануға және жеке көлікпен келуге тыйым салған.

Тәжік педагогикалық университ ректоры болып тұрғанда Абдуджаббор Рахмонзода қыздарға биік өкшелі аяқкиім киіп келуге тыйым салған.

Источник

Exit mobile version