Site icon KAZAKBOL

Ауған содырлары шекарада екі тәжікті өлтіріп, біреуін жаралаған

26 тамызда Тәжікстанның Ауғанстанмен шекаралас аймағында төтенше жағдайлар орын алды. Үш тәжік азаматы мінген «Нива» көлігі шабуылға тап болған.

Фархор күш кұрымындағы дереккөздің хабарлауынша, атыс кезінде екі адам қаза тауып, біреуі жараланған. «Үшеуі де орман күзетшісі болған, Шабуыл ауған тарабынан жасалынды», — дейді дереккөз.

Қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болған. Олар — 1965 жылы туған Саидов Амирхон, 1958 жылы туған Сангаков Давлат. Ал жараланған адамның аты-жөні — Рахмонов Сафархон.

Тәжікстан мемлекеттік шекара қызметі әзірге түсініктеме бермеді. Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, оқиға орнында күш құрылымдары өкілдері жүр. Аудан төбесінде тікұшақ ұшып жүр.

Тахор ауған уәлаяты полициясының баспасөз хатшысы Халил Асир оқиғадан хабардар екенін жеткізді. Ол бұл аймақ қазір Тәлибан қозғалысының бақылауында дейді. Шабуылдың артында кім тұрғаны әзірге белгісіз.

Биыл көктемде тәжік шекара әскерінің қолбасшысы Раджабали Рахмонали Ауғанстанның Тәжікстанмен шекаралас аймағында 7 мың содыр орналасты деп хабарлаған.

centralasian.org

Exit mobile version