Site icon KAZAKBOL

Ауғанстанда террористік топты басқарған қазақстандық содыр ұсталды

Фото из открытых источников

Көрнекі фото: golos-ameriki.ru

Қазақстанға террористік топты басқарды деген күдікті адам Ауғанстаннан экстрадицияланды деп хабарлады Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бас прокуратурасының ақпаратына қарағанда, «З» есімді күдікті Атырау облысында террористік топ құрып, басқарды, оны қаржыландырды, террористік қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.

Күдіктіге 2011 жылы іздеу жарияланған.

Бас прокуратура жыл басынан бері Ауғанстаннан Қазақстанның екі азаматы экстрадицияланғанын айтады.

Nur.kz

Exit mobile version