Site icon KAZAKBOL

Австралияда әлемдегі ең улы өрмекші кішкентай балаға тап берді

Өрмекші. Фото: www.vesti.az

Австралиялық дәрігерлер ең улы өрмекші шағып алған баланың өміріне араша түсті. Бұл туралы Vesti.az сайтына сілтеме жасап 24.kz хабарлады.

Оқиға елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Беркли Вейл қалашығында болған. 10 жастағы Мэтью Митчел есімді балақай сарайды тазалау үшін әкесіне көмектесіп жатқан кезінде саусағының қатты ауырғанын сезеді. Біраз уақыттан соң баланың денесі тырысып, ауызынан ақ көбік шыға бастаған.

Әкесі баланы дереу жергілікті ауруханаға жеткізген. Ауруханада балаға 12 ине жасалыпты. У қайтаратын дәрінің нормасы үш есеге дейін арттырылған дейді жергілікті тілшілер. Оқиға орнынан табылған өрмекшіні уынан арылту үшін Австралияның бауырымен жорғалаушылар паркіне жіберді.

Exit mobile version