Site icon KAZAKBOL

Австралияда Жер бетіндегі ең ірі өсімдік табылды

Ғалымдар Австралияның батыс жағалауынан аумағы 200 шаршы метрді алатын балдырды тапты. Бұл Жер бетіндегі ең ірі өсімдік, алдыңғы рекордтан 465 есе үлкен. Бұл жөнінде The Guardian басылымы жазды.

Зерттеушілер Posidonia australis балдырының әр аумақтағы бөлігін алып зерттеп, нәтижесінде бәрінің тамыры бір екенін анықтаған.

Ғалымдар сонымен бірге бұл балдырға шамамен 4500 жыл болғанын айтады. Теңіздің бұл жерінде дельфин, тасбақа, шаяндар және балықтар өмір сүреді.

Осының алдында АҚШ-тың Юта штатынан тамыры 0,43 шаршы шақырымды алатын тал табылған.

Источник

Exit mobile version