Site icon KAZAKBOL

Автобустағы барлық жолаушылардың жолақысын төлеп берген шымкенттік азамат жұртты таң қалдырды

Көрнекі фото: arnapress.kz

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктердің бірінде таңғаларлық оқиға болды, деп жазады Facebook қолданушысы Шуддин Саидов өзінің желідегі парақшасында. Ер адам кондукторға 10 мың теңге беріп, өзге жолаушылардың да жолақысын төлеп кеткен.

«Шымкенттегі автобустардың бірінде келе жатыр едім, салонға бір адам кіріп келіп, менің бірге қатар тұрды. Ол бізбен бірге келсі аялдамаға дейін барғаннан кейін, автобус жүргізушісіне барып, онымен әлдене жайлы сөйлесті. Осыдан кейін кондуктор жанағы белгісіз адам барлық жолаушылар үшін 10 000 теңге ақша төлеп кеткенін, сондықтан ешкімнің ақы төлемей-ақ қоюына болатынын жеткізді. Есесіне автобусқа кірген адамдардың барлығы жол ақысын төлемеді. Садақа берген жомарт жан Алла разы болсын саған», — деп жазды желі қолданушысы.

Айта кетейік, Шымкентте 1 мамырдан бастап жолақысы 70 теңгеге қымбаттаған болатын.

Nur.kz

Exit mobile version