Site icon KAZAKBOL

Айдана Меденова туған күніне сыйланған қымбат көлігін көрсетіп мақтанды (фото)

Фото Instagram парақшасынан алынды

Кеше танымал әнші Айдана Меденованың туған күні болып, оны еліміздегі барлық жұлдыздар жеке меншік мерекесімен құттықтады. Ал әнші болса өзін гүл шоқтарымен көмкеріп тастаған елге ризашылығын айтып, өзіне сыйлыққа келген қымбат көлігін көрсетіп мақтанды.

Әнші жақындары тарту еткен сыйлықтарын Instagram желісіндегі оқырмандарына көрсетті.

Құшақ-құшақ гүл шоқтары мен түрлі сыйлықтарға қарық болған әншіні өзінің сән салонының қызметкерлері де тосынсый жасап күтіп алды.

Ал нарықта құны қымбат саналатын Range Rover көлігін оған кімнің сыйға тартқаны белгісіз. Оның мұндай сыйлық алғанына қатты қызыққан желі қолданушылары болса, көлікті күйеуі алып берген деп болжады.

Nur.kz

Exit mobile version