Қайрат Нұртас Шымкент қаласында концерт берген күні, көрермендер әншіні бірнеше рет ұятқа қалдыра жаздады. Одан қалса әнші бір күннің ішінде екі рет концерт бергеннен болар, аздап ауырып та қалған. Себебі, екі концерттің ортасындағы үзілісте Қайрат массаж қабылдады.
Бұл туралы Шымкент қаласындағы Stan.kz сайтының тілшісі хабарлайды.
Екі күннің шаруасын бір күнде тындырған әнші, киіну бөлмесінде шаршағанын мойындады. Әлсіреп кеткен болса керек, оған жеке массажистері көмектесті. Әрі сұхбат алуға рұқсат сұраған кезімізде, әкесі ұлының ауырып тұрғанын айтты.
«Павлодардағы концерттен шыққан кезде мазасы болмай қалды. Қазір де ауырып тұр. Осыншама халық жиналып, күтіп тұрғаннан кейін, ештеңені өзгерту мүмкін емес. Халықтың көңілін қимай, сахнада күліп жүр”,-деген Қайрат Нұртастың әкесі.
Кешкі концертте жиналған халық, әдеттегідей, оған құшақ-құшақ гүлдерін алып келген. Қайрат өз кезегінде, оларға жылы лебізін жеткізіп жатты. Тіпті, өзіне қарай гүлін ала асыққан әйелдің ернінен сүйіп алды. Әрине, әнші анасындай кісінің бетінен сүйіп қуантпақ болғаны анық.
Оны залда отырған халық түсініп отырғанымен, асығыс әрекетінің салдарынан «сүйісіп қалған» әнші мен тыңдарманның қылығына ду күліп алды. Себебі, микрафон арқылы «шөлп” еткен дауыс бүкіл залға естілген еді.
Қайраттың жеке заттарын елге үйлестіретін әдетін еске салып, залдың ортасына жайғасқан тағы бір кеш қонағы орнынан тұрып, одан бір бұйымын беруін қолқалады. Қайрат оны сахнаға шақырып, күйтабақтарын табыстады.