Site icon KAZAKBOL

Қазақстан Қырғызстанмен шекарадағы екі бекеттің мәртебесін өзгертеді

Қазақстан үкіметі Қырғызстанмен шекарадағы «Сартөбе» («Токмок») және «Ауқатты» («Кенбулун») өткізу бекеттерінің екі жақтылығына көп жақты мәрте беруге дайын. Бұл туралы ел премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 17 тамызда Астанада қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің VII отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай ұсынысты қырғыз тарапы жасаған.

«Сол арқылы өткізу мүмкіндігі артады. Мұндай өзгеріс аталған пунктердің инфрақұрылымын жетілдіруді талап етеді», — деді Сағынтаев.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 4 халықаралық және 4 екіжақты өткізу пунктері жұмыс істейді. Күніне шекара арқылы 30 мыңға жуық адам өтеді.

Солардың ішіндегі ең ірісі — «Ақ Жол» өткізу бекеті. Бішкек қаласына жақын орналасқан бекет арқылы күніне 12 мың адам және 500-600 автокөлік өтеді.

Туристік маусым уақытында күн сайын екі ел шекарасынан 70 мыңға жуық адам өтеді.

centralasian.org

Exit mobile version