Site icon KAZAKBOL

Қазақстанда автобуста өртенгендердің туыстары олардың тірі екеніне сенімді

Биыл қаңтар айында Ақтөбе облысында автобус өртінен қаза тапқандардың туыстары оларды тірі деп есептейді. Сот отырысына қатысқан олар туыстарының телефондары әлі жұмыс істеп тұрғанын, бірақ ешкім көтермейтінін айтты, деп хабарлады Bnews.kz.

Ақтөбеде өтіп жатқан сотқа келген Юлдуз Ганиева баласы мен немересінің мобильді телефондары әлі жұмыс істеп тұрғанын, бірақ оған ешкім жауап бермейтінін айтты. «Біз олар өлді дегенге сенбейміз. Олар тірі. Менің балам мен немеремнің телефондары әлі жұмыс істеп тұр, бірақ ешкім жауап бермейді. Адамдар өртеніп кетіп, телефондары өртенбегені қалай болғаны? Яғни олар тірі. Оларды құлдықта ұстап отырған шығар», — деді Ганиева.

Сотқа келген басқа да өзбекстандықтар автобус жолаушыларының барлығы қаза тапты дегенге күмән келтіреді. Олар марқұмдардың денелерінің қалдықтары мен сараптама нәтижесін алғамағанын алға тартып отыр. Жәбірленушілер адвокат жалдамады, бірақ елшіліктен құқықтарын қорғауын сұрады.

Еске салайық, Өзбекстан азаматтары мінген автобус 18 қаңтарда таңертең Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы жолда өртеніп кетті. Бес адам тірі қалды, 52 жолаушы қаза тапты. Қайғылы оқиғаға отты абайлап пайдаланбау себеп болған. Тергеу нұсқасы бойынша, жүргізушілер салонды жылыту үшін дәнекерлейтін лампа қолданған.

Exit mobile version