Site icon KAZAKBOL

Қазақстанда Каспий теңізінен заңсыз балық аулаған төрт әзербайжандық сотталды

Әзербайжанның төрт азаматы Каспий теңізінің қазақ аумағында заңсыз балық аулағаны үшін алты айға бас бостандықтарынан айырылды.

Маңғыстау облысы Қаракия округтік соты 14 тамызда шекарадан заңсыз өтіп, бекіре балықтарын аулағаны үшін төрт Әзербайжан азаматына жаза кесті.

Сот шешімі бойынша, төрт азаматқа жазасын өтегеннен кейін, бес жыл бойында Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды.

Азербайжан азаматтары биыл наурыз айында шекара қызметкерлері тарапынан ұсталған.

Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан 12 тамызда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша жаңа конвенцияға қол қойды.

centralasian.org

Exit mobile version