Site icon KAZAKBOL

Қазақстанда ұсталған қырғыз депутаты мандатынан айырылды

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) парламент депутаты Дамирбек Асылбек уулун мандатынан айырды. Бұл жөнінде ОСК мүшесі Назарали Арипов хабарлады.

Оның сөзінше, оның мандатын Руслан Чойбеков алады.

Дамирбек Асылбек уулунда Қазақстан азаматтығы болуына байланысты депутаттық мандатынан айырған. Ол биыл ақпан айының ортасында шекарада контрабанданы ұстау операциясында қолға түскен. Ресми Астана Дамирбек Асылбек уулунда Қазақстан төлқұжаты бар екенін мәлімдеді.

Мұнан бөлек Орталық сайлау комиссиясы «Қырғызстан» партиясы атынан депутат болған Жыргалбек Калмаматовтың мандатын келесі тізімдегі адамға беруді қарастырған. Оның орнына Насыр Мусаев келмек.

Жыргалбек Калмаматов биыл жыл басында 46 жасында мезгілсіз өмірден өтті.

centralasian.org

Exit mobile version