Теміртаудағы экологиялық жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған қала тұрғыны сотқа шақырту алды. Қала түзуші кәсіпорынға иелік ететін компания экология бүлінді деген мәлімет шындыққа жанаспайды деп, оның үстінен шағым түсірген.
Қарағанды облысындағы Теміртау өнеркәсіп қаласы — Қазақстандағы ең лас қала. Өткен жылы қыста жауған қар қара түске айналды. Теміртау аспанында түтін жыл бойы тұрады.
«Біздің немен тыныстап отырғанымызды елестетіп көріңіз. мен балалардың уланғанын қаламаймын. Қара қар бұрын болған емес», — деді теміртаулық экобелсенді Станислав Войцеховский.
Ол видеокамерасымен қала экологиясы туралы видеороликтер түсірген. Сол арқылы экология мәселесіне көпшіліктің назарын аударуға тырысқан. Бұл видеоларды жүздеген адам көрді.
Метталургиялық комбинат қожайыны — «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы полицияға шағым түсірген. Компанияның баспасөз қызметі Войцеховский түсірген видеороликтер мазмұнымен келіспейтіндігін хабарлады.
Жақында белсенді сотқа шақырту алды. Войцеховский ар-ұждан және іскерлік репутацияны қорғауға қатысты азаматтық іс бойынша жауап береді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында жақында Қарағанды облысына сапары барысында жыл сайын атмосфераға 600 мың тонна зиянды зат тарайтыны айтылған. Президент әкімдікке үкіметпен бірге тиісті шара қолдануды тапсырған.