Site icon KAZAKBOL

Қазақстандық Әділ Қабылда Мәскеу мемлекеттік университетінің «Жыл студенті» атанды

Отандасымыз университеттің үздік студенттерінің бірі деп танылды.

 

 

Қазақстандық Әділ Қабылда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Жыл студенті» атанды және университеттің үздік студенттерінің бірі болып танылды, деп хабарлайды Zakon.kz, ЖОО-ның ресми сайтындағы ақпарға сүйеніп.

Айта кетейік, Әділ Қабылда Павлодардағы Қазақ-түрік лицейінің түлегі. Өткен жылы талантты жас М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетіне емтихансыз қабылданған еді. Қазір ол Химия факультетінің 1-ші курс студенті.

2015 жылы Әділ Қабылда химия пәні бойынша 47-ші Бүкіләлемдік Олимпиадада топ жарған. Білім додасына 75 мемлекеттен 300-ге жуық оқушы қатысқан.

Осыған қоса, Ә.Қабылда химия пәні бойынша 48-ші Менделеев Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Фото: spectr.com.kz

 


 

Exit mobile version