Site icon KAZAKBOL

Қазақ тойындағы кішкентай PSY-ға қонақтар ақша «жаудырды»

Gangnam Style әнімен танымал болған кәріс әншісі PSY-ды айнытпай салған қазақ балақайға той қонақтары ақшамен алғыс білдірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан балайқайдың бұл образды сомдауына бірнеше бойжеткен көмектесіп тұрғанын байқауға болады. Ал той қонақтары бірінен соң бірі ақшаларын алғыс ретінде балақайға беріп жатыр.

Дегенмен қонақтарға жаққан баланың өнері желі қолданушыларына ұнамай қалған сыңайлы.

«Тойда үлкен кісілер бар, мына би ұят екен», «Бұлай билеген дұрыс емес, кішкентай бала мен үлкен кісілер бар», «Ұят, қазаққа жат қылық, қыздарына, әсіресе ұят», «Бұл би баланың жасына сай келмейді, және де осы биді үйреткен адам не ойлады екен? Ешқандай тәрбиелік мәні жоқ. Өкінішті», — деп жазған пікір қалдырушылар.

 

Exit mobile version