Site icon KAZAKBOL

Азия инфрақұрылым инвестиция банкі Рогун ГЭС-іне 500 млн доллар бөледі

Азия инфрақұрылым инвестиция банкі (АИИБ) Тәжікстандағы Рогун ГЭС-нің құрылысына 500 миллион доллар бөледі. Бұл туралы аталған банктің басшысы Цзинь Лицюн тәжік президенті Эмомали Рахмонмен Пекинде кездескенде мәлімдеді.

Қаражат қашан және қандай шарттармен берілетіні жайлы мәлімет әзірге айтылмады.

Эмомали Рахмон Қытайға барған сапары аясында осы елдің бір топ жоғары лауазымды шенеуніктерімен кездескен. Кездесу нәтижесінде көлік жобасын жүзеге асыру, «Кульма-Қарасу» бақылау-өткізу бекетін модернизациялау, «Душанбе-Кульма» көлік жолының екінші кезеңін жүзеге асыру және елдер арасындағы әуе байланысын кеңейту мәселелері көтерілген.

Эмомали Рахмон 18-19 мамырда Сиань қаласында өтетін «Қытай – Орталық Азия» саммитіне қатысады деп күтіледі.

Қытай Тәжікстан экономикасының ең басты инвесторларының бірі болып есептеледі.

Источник

Exit mobile version