Site icon KAZAKBOL

«Азовсталь» қорғанысының командирлері соғысқа қайта баратынын хабарлады

Украинаның Ресей басып алған Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытын қорғап, кейін тұтқынға түсуге мәжбүр болған, кеше Украина президентімен бірге Киевке ұшып келген бес командир ұрыс қимылдарына тағы араласатынын мәлімдеген.

Бұл туралы Львов қаласында журналистермен кездескен «Азов» бригадасының командирі Денис Прокопенко айтқан.

«Азов» биргадасы командирінің орынбасары Святслав Паламар да «Біз оралдық, әрі қарай да жұмысымызды жалғастырамыз»,-деген.

Мариупольдегі «Азовстальді» қорғаушылардың Киевке оралғаны 8 шілдеде мәлім болған. Бес командир Владимир Зеленскиймен бірге Стамбулдан ұшып келген. Олар Украинаның қамаудағы ресейшіл депутаты Виктор Медведчукпен айырбасталып, Түркия президенті Реджеп Ердоғанның жеке кепілдігімен Стамбулда тұрған.

Айырбас кезінде «Азов» жауынгерлері соғыс аяқталғанша Украинаға қайтарылмайтыны туралы келісім жасалған.

Мәскеу Киев пен Түркия келісімді бұзды деп айыптады. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, «Азов» жауынгерлерінің Украинаға қайтарылатыны туралы ешкім хабар бермеген.

Источник

Exit mobile version