31 қаңтарда АҚШ бастамасымен БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің жиналысы өтіп, орыс әскерінің Украина шекарасына жақын жерге топтасуын талқылады.
Жиналыста сөйлеген ұйымның бас хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Розмари Дикарло БҰҰ тараптарды арандатудан алыс болуға және дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.
Батыс өлкелері мен Киев Ресейдің Украинаға жақын жерге 100 мыңнан астам әскерін орналастыруына байланысты алаңдаушылық білдіріп, Мәскеу бұл өлкеге шабуыл жасауға дайындалып жатыр деп есептейді. Өз кезегінде Ресей мұндай айыптауларды теріске шығарып келеді.
«Ресейдің ақпан айының басында Беларусьтың Украинаға жақын орналасқан аймағына 30 мыңнан астам әскерін орналастыруды жоспарлап отырған мәліметтер алып жатырмыз. Қазір Беларусьта Ресейдің 5 мыңға жуық әскері, сонымен бірге «шағын аралықтағы баллистикалық зымырандарды, әуеден қорғану күштері және арнайы дайындықтағы әскери бөлігі бар. Ресей күштерінің Украинаға жақын жерлерге топтасуы — соңғы бірнеше он жылдағы Еуропадағы әскерлердің ең ірі мобилизациясы»,- деді АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд.
Бұдан бөлек ол Ресей Украинаға шабуыл жасаса, АҚШ және оның одақтастары тез жауап беретінін ескертті.
Осыған дейін Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя Мәскеу Украина мәселесі бойынша Қауіпсіздік кеңестің отырысын өткізуге қарсы екенін білдіріп, басқа елдің өкілдерін бұл ұсынысты қолдамауға шақырған.
Бірақ дауыс беру нәтижесінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің 10 мүшесі қолдап, Ресей мен Қытай қарсы болса, тағы үш ел қалыс қалды.
Небензя журналистер сұрақтарына жауап беріп жатып, Ресей НАТО әскерінің шығысты бақылауды кеңейтуді тоқтату талабы бойынша сөйлесулер негізсіз аяқталса да Украинаға шабуыл жасамай тұрғанын айтқан.
Қауіпсіздік кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша ешқандай резолюция жобасы қабылданбады. Ол қабылданған күнде де вето қою құқығы бар Ресей өзін айыптаған резолюция жобасына бөгет қоюы мүмкін делінеді.