Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей бастаған Украинадағы «мәнсіз соғысты» тоқтатуға шақырды.
22 наурызда Нью-Йорк қаласында журналистермен сөйлескен Гутерриш бұл жанжалда жеңіс болуы мүмкін емес екенін айтып, бейкүнә адамдар ғана өліп жатқанын жеткізді.
«Украинадағы соғыстың жалғасуы моральдық тұрғыдан мүмкін емес, саяси тұрғыдан өзін ақтамайды әрі мәнсіз. Мариупольды бағындырған күннің өзінде Украина қалаларын бірінен соң бірін басып ала алмайды. Ерте ме, кеш пе, екі тарап сөйлесу жүргізу керек. Бұл мәнсіз соғысты тоқтату керек», — деді бас хатшы.
Ресей Украинада 24 ақпанда соғысты бастады. Екі тараптың сөйлесулері нәтиже бермей отыр. Соғыс басталғаннан бері Украинада жүздеген адам қаза болып, 3 миллионнан астам адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болды.