Site icon KAZAKBOL

Бөксесін үлкейтпек болған екі баланың анасы тіл тартпай кетті (фото)

Фото: baq.kz

АҚШ-та бөксесін үлкейтпек болған әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Екі баланың анасы Латеши Бинум бөксесін өсіргісі келіп, Манхэттендегі дәрігерге барады. Сөйтіп, бөксені өсіру үшін екпе салдырған.

12 күн өткен соң оның кеудесі қысылып, өзін жайсыз сезінген. Басы айналған. Дәрігерге барғанда барлығы кеш болыпты.

Белгілі болғандай, оның бөксесін үлкейтіп бермек болған 41 жастағы дәрігер Элиссон Спенс лицензиясыз жұмыс істеген. Оның заңсыз әрекеті емделушісі қаза тапқаннан кейін ғана анықталған. Қазір заңсыз жұмыс істеген дәрігер қамауға алыныпты.

Латеши Бинум бөкселі Ким Кардашьян сияқты болғысы келген көрінеді.

Exit mobile version