Site icon KAZAKBOL

БАҚ: Украинада Орталық Азияның Ресей жағында соғысқан 93 тумасы өлген

Орталық Азия елдерінің кем дегенде 93 тумасы Ресейдің Украинадағы соғысында өлген. Олардың 19-ы Қырғызстанда, 34-і Өзбекстанда, 40-ы Тәжікстанда туған. BBC-дің Орыс қызметі жариялаған зерттеуде осындай дерек бар.

BBC материалы Ресей түрмелерінде отырып, «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының арбауымен соғысқа аттанған еңбек мигранттарына арналған. Онда бірнеше қырғыз отбасының әңгімесі баяндалады.

Мигранттардың мүддесін соттарда қорғайтын адвокат Мирлан Ақылбеков 2022 жылғы жазға түрмеде отырған отандастыранынан «Вагнер» өкілдері жабық мекемелердегілерді соғысқа арбап жатқанын естіген.

Биыл наурызда Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Қарақалпақстанның бір тұрғыны Ресейдегі түрмеден соғыс жүріп жатқан аумаққа кетіп, Украинада өлгенін хабарлаған. Оны Ресей басып алған жерлердегі құрылыс жұмыстарына жіберген, бірақ ол тұрған жерге снаряд құлаған.

Биыл мамырда Украинада Өзбекстанның тағы бір азаматы өлгені мәлім болды. Оны да Ресейде түрмеде отқан жерден соғысқа алып кеткен. Марқұмның анасының айтуынша, баласы соғысқа барғысы келмеген, бірақ оны Украинаға баруға мәжбүрлеген.

Источник

Exit mobile version