Site icon KAZAKBOL

Бағландағы ұрыс: тәліптер шығынға ұшырап, шегінуге мәжбүр болды

Бойцы Фронта национального сопротивления Афганистана

«Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның солтүстігіндегі Бағлан провинциясында болған ұрыста шығынға ұшырап, шегінуге мәжбүр болды. Бұл туралы ТАСС Ұлттық қарсылық майданына жақындығы бар бір дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Тәліптер мен Ахмад Масуд бастаған майдан күштері арасындағы ұрыс Бағланда жексенбі күні қайта жалғасқан.

«Бүгін таңертең Бағланда Андараб жазығындағы Пули-Хисар өңірінде тәліптер мен қарсылық күштері арасындағы ұрыс қайта жалғасты. «Талибан» содырлары шығынға ұшырап, осы өңірден шегінуге мәжбүр болды», — деген дереккөз агенттікке. Оның айтуынша, ұрыс әлі аяқталған жоқ.

Қарсылық күштерінің жергілікті командирі Хайрмұхаммади Андараби әлеуметтік желілерге видео жүктеп, Бағлан провинциясындағы үш аудан тәліптерден босатылғанын хабарлады. Ол тәліптерді Ауғанстанның басқа да провинциясында осындай жеңіліп күтіп тұр деп мәлімдеді.

«Талибан» өкілдері бұл мәліметке қатысты әзірге мәлімдеме жасамады.

Биыл тамыздың басында «Талибан» қозғалысы Ауғанстан үкіметінің күштеріне шабуылын үдетті. 15 тамызда тәліптер Кабулға ұрыссыз кіріп, елді толықтай бақылауға алғанын мәлімдеді (Панжшерден басқасын). Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Біріккен Араб Әмірліктеріне қашты.

Ахмад Масуд бастаған Ұлттық қарсылық майданының жауынгерлері он күннен бері тәліптермен соғысып жатыр.

Источник

Exit mobile version