Site icon KAZAKBOL

БАҚ: Ауған маршалы Дустум Өзбекстанда

Маршал Абдул Рашид Дустум, Ауғанстан, 2020 жыл, 19 ақпан.

Ауған маршалы Абдул Рашид Дустум мен Балх Ато провинциясының губернаторы болған Мұхаммад Нұр Өзбекстанға қашып келген. Осылай деп Reuters, РИА Новости және ТАСС ақпарат агенттері дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Абдул Рашид Дустум мен Мұхаммад Нұр 14 тамыз күні Термез-Хайратон көпірі арқылы қашып өткен. Дустум қазір Термезде көрінеді.

Жергілікті БАҚ та бұл ақпаратты растады. Бірақ өзбек билігі әлі ешқандай мәлімдеме таратқан жоқ.

14 тамызда Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі 84 ауған әскерінің келгенін, оларға паналайтын жер беріп, медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтқан.

Маршал Дустум 2014-2017 жылдары Ауғанстанның вице-президенті болған.

Источник

Exit mobile version