Site icon KAZAKBOL

БАҚ: Ақтық сында Димаштың микрофоны істемей қалған

Димаш Құдайберген. Фото: inform.kz

Қытайлық Hunan Tv телеарнасынан көрсетілген «Singer 2017» халықаралық ән байқауының ақтық бәсекесінде микрофон үзіліп, Димаштың дауысы бәсеңдеп қалған деп жазады www.hsbaodi.com сайтына сілтеме жасап Қазақпарат.

Интернет қолданушыларының айтуынша, әнді айтып келе жатып, соңына қарай Димаштың дауысы мүлдем бәсеңдеп кеткен. Жұптық өнер көрсету барысында тек Димаштың жұбының дауысы ғана естіліпті.

«Сонымен қатар, тағы бір қытай әншісі Джаң Бичынның де әннің ортасына келгенде микрофонынан ақау шығып, дауысы мүлдем естілмей қалды. Осылайша, әнші микрофонды жақындатып айтуға тырысты.

Екеуі де айтарлықтай танымал әрі мықты әншілер, сахнада микрофомен қиындық туындағанына қарамастан, олар жақсы өнер көрсете алды. Соңында Димаш екінші орынға ие болып, Джаң Бичын алтыншы орын алды. Бұл айтарлықтай жақсы нәтиже», — деп жазады Қытай сайты.

Exit mobile version