Site icon KAZAKBOL

БАҚ: Атышулы Үсенов үкімді күлкіге айналдырып, изоляторға жеке көлікпен аттанды

pogudx1dgsqr2jko5.e996c1e0

pogudx1dgsqr2jko5.e996c1e0

Коллаж NUR.KZ (фото kazday.kz и кадр из видео)

Атышулы Мақсат Үсенов ұшақта шығарған шатағы үшін ақыры абақтыға қамалып тынды. Алматыдағы ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша, ол енді 10 күнін темір торда өткізетіні белгілі болды. Бірақ бұған аса қиналып отырмаған Үсенов судьяның әр сұрағын қайта сұрап, қылжақтап отырған деп хабарлайды КТК арнасы.

Сотқа қара көзілдірік киіп келген Үсенов көзін жасырса да, езуін жия алмады. Залға кіргенненақ өзін еркін сезініп, судьяның әр сұрағын қайта сұрап, қылжақтап отырды. Алматы-Бангкок рейсінде өзінің темекі шеккенін мойындағанымен, бортсеріктерге тіл тигізбедім, қарсыласпадым дейді Үсенов.

Ал шатақ шығаруына ұшақ ішінде өзін жайсыз сезінуі себеп болыпты. Осы бұзақылығы үшін прокурор 10 күнге қамауды сұрағанда да, Үсенов оны да күлкіге айналдыруға тырысты.

— Үсенов, жоғарыда айтылған үкімге алып-қосарыңыз бар ма?

— Бұл сонда соңғы сөзім болмақ па?

— Иә.

— 9 күн сұрар едім.

— Әзілдегенді жақсы көресіз бе?

— Жоқ, 9 күн алғым келеді.

Сөйтіп, 10 күнге қамауға алынған Мақсат Үсеновтің қолына кісен сот залында салынғанымен, сыртқа шыға сала күзет оны шешіп тастады. Тіпті, полицияның арнайы көлігіне де отырмай, атышулы бай баласы уақытша ұстау изоляторына жеке көлікпен аттанды.

Үсенов қазір құрылыс компаниясында заңгер болып қызмет атқарады екен. Енді ол өзінің 28-ші туған күнін темір торда тойлайтын болады.

Exit mobile version