АҚШ және Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі Хельсинкиде өтуі мүмкін. Бұл жөнінде Reuters ақпарат агенттігі АҚШ әкімдігіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған дейін екі елдің лидері 15 шілдеде Венада кездесуі мүмкін деген хабар тараған.
Әзірге кездесу орны мен мерзімі жөнінде ресми ақпарат жоқ.
27 маусымда Мәскеуге АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон барады. Ол екі елдің президенттерінің кездесуі жөніндегі кеңесуі мүмкін.
Politico басылымы Хельсинки Ресейден алыс емес әрі Путин Мәскеуге футболдан әлем чемпионатының финалына бірден қайтып келе алады деп атап өтеді. Финал 15 шілдеде өтеді.
Дональд Трамп пен Владимир Путин осы уақытқа дейін халықаралық саммиттер дәлізінде екі рет кездесіп, телефон арқылы кемінде сегіз рет сөйлескен. Ресей және АҚШ президенттерінің жеке кездесулері 2014 жылдан бері Қырым аннексиясынан кейін болған емес.