Site icon KAZAKBOL

БАҚ: Жарынан айырылып, қатты қиналған Абай Бегей екінші рет үйленбек

Абай Бегей қос қызымен

Жуырда ғана қызын ұзатып, көз жасын тоқтата алмаған Абай Бегей екінші рет үйленеді. Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

Қызын ұзатып, арқасынан ауыр жүк түсірген Абай Бегей тағы бір тойға дайындалып жүр деп хабарлайды «Ел аузында» бағдарламасы.

«Отбасындағы жақсылық жаңалықты ол болмай жатып, ол туралы ештеңе жария қылуға болмайды», — деген әнші өзінің ұл жаңалығы туралы жақ ашпады.

«Олай емес десем, ол болып кетуі де мүмкін. Бірақ тойға сіздерді шақырам», — деді ол.

Еске салсақ, Абай Бегейдің жары Жаннат бұдан үш жыл бұрын аяқ астынан қайтыс болған еді. Қатты қиналып, төрт баласымен жалғыз өзі қалған әнші жан жарына арнап «Жаннатым» деген ән шығарды.

Exit mobile version