Site icon KAZAKBOL

Байденнің ұлы салық төлеуден қашқанын мойындады

АҚШ президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байден екі айып бойынша өзін кінәлі деп тануға келісті. Бұл жөнінде BBC мәлімдеді.

Бірінші айып 2017-2018 жылдары төленбей қалған салыққа байланысты. Кейін Хантер Байден ол соманы толығымен төлеген.

Екінші іс 2018 жылы Хантер Байденнің Colt Cobra 38 special үлгісіндегі тапаншаны сатып алғанына байланысты. Тергеу мәліметіне қарағанда, Хантер онда сатушыдан 11 күн қатарымен есірткі қолданғанын жасырған.

Президенттің ұлы өзін бұл айыптар бойынша кінәлі деп тануға келісім бергені үшін қылмыстық жауапкершіліктен құтылуы мүмкін. Ол үшін белгілі талаптарды орындауы керек болады: екі жыл бойы есірткі қолданбау және ешқашан қару-жараққа иелік етпеу. Хантер есірткіден емделуге келісімін берген.

53 жастағы Хантер Байденге бұл айыптар бұрынғы президент Дональд Трамп әзірлеген прокурор Дэвид Вайстың зерттеуі нәтижесінде тағайындалған.

Источник

Exit mobile version