Балабақшадағы балаларды аяусыз соққыға жыққан тәрбиешінің әрекеті желі қолданушыларын шошытты деп хабарлайды NUR.KZ.
Instagram желісіндегі instavideokz парақшасында жантүршігерлік видео пайда болды.
Видеодан қаз-қатар тізіліп тұрған бүлдіршіндерді аясузы соққыға жыққан тәрбиешіні көруге болады.
Шамамен 3-4 жастағы балаларды ұрып қана қоймай, тепкілеген тәрбиешінің қатыгездігі желі қолданушыларының ашуына тиді.
Олар мұндай адамды аямай жазалау керектігін айтты.
Оқиға қай жерде болғаны белгісіз, дегенмен кей желі қолданушылары бұл Қытайда болған деп болжады.