Site icon KAZAKBOL

Бас прокуратура: 464 адам терроризм мен жаппай тәртіпсіздік бойынша қамауға алынған

Бас прокуратура сенбі күні қаңтар оқиғасына байланысты қозғалған қылмыстық істер 819-ға жеткенін хабарлады.

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, оның ішінде 44 іс – терроризм бойынша, 36 іс – жаппай тәртіпсіздік, 15 — адам өлтіру бабы бойынша ашылған. Одан бөлек, ұрлық, тонау, қаруды жымқыру, билік өкіліне күш қолдану және тағы басқа қылмыстар бойынша істер тіркелген.

– Осы істер бойынша 970 күдікті қамауға алынған. Оның ішінде 782-сі сот санкциясымен қамалған. 29-ына үйқамақ түріндегі бұлтартпас жазасы қолданылған. 464 адам – терроризм және жаппай тәртіпсіздік істері бойынша ұсталған. 226 адам – ұрлық, 60 адам — қаруды заңсыз сақтау, 39 адам — қаруды жымқыру, 25 адам — бұзақылық, 21 адам тонау деректерімен қамауға алынған, – деді Елдос Қилымжанов.

Брифингте айтылған негізгі мәліметтер:

Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарды азаптау мен қысым көрсетуге қатысты шағымдар көбейген тұста Бас прокуратура мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері осындай мәлімдеме жасап отыр. Құқық қорғаушылардың айтуынша, қаза болғандар, жараланғандар және ұсталғандар арасында бейбіт тұрғындар бар.

Жүздеген белсенді «бейбіт митинг заңын бұзды», «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айыппен жазаланған.

Жергілікті және халықаралық құқық қорғаушылар билікті бейбіт шеруге қатысқан, пікірін айту құқығын жүзеге асырғысы келген азаматтарды қудаламауға, оларды дереу босатуға шақырған.

Халықаралық ұйымдар Қазақстан билігінің халыққа күш қолдануын айыптап, Еуропарламент Қазақстан шенеуніктеріне санкция салу мәселесін қарастырып жатыр.

Источник

Exit mobile version