Site icon KAZAKBOL

Баспанадан тарыққан зейнеткер бүйрегін сатуға мәжбүр болып отыр

Коллаж Замана

Өзін Гүлжан (аты-жөнін өзгерткен болуы да мүмкін) деп таныстыр­ған тараздық кейуана бүйрегін сататынын айтып, Замана басылымына хабарласқан.

Зейнет жасындағы жанның мұндай шешімге келуіне банк алдындағы берешегі мен тұрмыс­тық жағдайы себеп болған сияқты деп жазады басылым.

«Менің жасым 65-те. «Асарымды асадым, жасарымды жасадым» дей­тіндей жастамын. Сары аурумен, туберкулезбен ауырған емеспін. Мұндай кесел тұқымымызда да болмаған. Ал сіздерге хабарласып тұрғаным, бүйрегімді сатпақшы едім. Өйткені басымда баспанам жоқ. Екіншіден, банк­тен несие алып едім, содан құ­ты­ла алмай жатырмын. Кезінде қыздарымның бірін ұзатқанда еш­кімнен кем болмасын, соңынан сөз ілеспесін деп «Халық банкінен» ақша алуға мәж­бүр болдым. Бүгінде оның 337 мың теңгесі қалды. Айына 10 мың теңгеден құямын. Бірақ осының өзі маған ауыр. Өзім пәтер жалдап тұрамын. Зейнетақым пәтерақы мен банк қа­рызынан артылмайтындықтан қи­на­лып қалдым. Содан ойлана келе осындай шешімге келдім. Бүйрегім ешқашан ауырған емес», — деген ана бұндай шешіміне ұл-қыздары қарсы болмайтынын атып отыр.

«Олардың ешқайсысы қарсы болмайды. Тіпті олардың менімен жұ­мысы да жоқ. Керек болсам жүр­меймін бе солардың үйінде?», — деген ананың айтуынша, бес қызы да тұрмыста отағасы 2011 жылы қаза болған.

«Банкке беретініңіз айына 10 мың теңге болса, қыздарыңыз қа­рай­ласар мүмкін», — деген басылымының сауалына зейнеткер егер балаларым көмектессе мұндай қадамға бармас едім деп отыр.

Баспанадан тарыққан ана бүйрегінен түскен ақшаға арзандау болса да бір үй алғысы келеді.

Exit mobile version