Site icon KAZAKBOL

Бастамашыл топ ІІМ-ді реформалау туралы ұсыныстарын таныстырды (видео)

Алматыда «Ішкі істер министрлігін реформалау үшін» азаматтық бастамашыл тобы Ішкі істер министрлігін (ІІМ) құрылымдық тұрғыдан реформалау жөнінде ұсыныстарын таныстырды.

Бастамашыл топ өкілдері журналист Ирина Медникова, саясаттанушы Димаш Әлжанов және құқық қорғаушы Евгений Жовтис ішкі істер министрлігі «қызмет көрсететін полицей» моделін қалыптастыруы тиіс деп есептейді. Сонымен бірге жаңа кадр саясатын жүзеге асыру және есеп беретін, жұмысы ашық әрі жауапкершілік арқалай алатын полиция құру бағытында реформалауды ұсынады.

Белсенділер бұл үш бағыт бойынша нақты бірқатар ұсыныс келтірген. Олардың арасында ішкі істер министрлігін әскери емес, азаматтық тұлғаның басқаруы, полицияны ІІМ жанындағы жеке орган ретінде қайта құру, толыққанды жергілікті полиция қызметін дамыту, полиция қызметінде адам құқықтары, заң үстемдігі мен заңдылық талаптарын сақтау, ІІМ-нің қылмыспен күрестегі іс-қимылын айқындау, өзіне тән емес қызметтерін жою туралы ұсыныстар бар.

Бастамашыл топ бұған қоса полиция құрамын біртіндеп жаңарту, полицейлерді оқыту, аттестациядан өткізу және қайта даярлаудың заманауи моделін түзу және полиция қызметін парламент пен қоғам қадағалайтын өзгеріс енгізу керек дейді.

centralasian.org

Exit mobile version