Site icon KAZAKBOL

Бата беремін деп сөзінен жаңылысқан қария күлкіге қалды (ВИДЕО)

Бата беремін деп сөзінен жаңылысқан ер азамат желіні жарды, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Желіде пайда болған видео Қазнетті жарды. Онда қасына жастар мен мектеп оқушыларын жинаған азамат оларға бата береді. Алайда бата беруші «Шаңырағы биік болып, топырағы торқа болсын…» деп айналасын күлкіге қарық қылады. Мұны көрген желідегілер азаматтың онысын түсіне алмай әлек болды. Себебі олар бата берушінің сөзі мен жасаған әрекетінен оны спирттік ішімдікке сылқия тойып алған деп болжады.

«Мына кісі не дейді масқара, ұят-ай!!!», «Не боп барамыз? Жылағың келеді», «Қазіргі қариялардын көбісі осылай, келісем», «Оңбаған, білмейтін болса несі бар екен алақан жайдырып?» деп ашынды желі қолданушылары.

Exit mobile version