Site icon KAZAKBOL

Баткен облысында шекарадағы қақтығыстан 140 үй бүлінгені анықталды

Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданындағы Мақсат ауылында Тәжікстанмен қарулы қақтығыс кезінде қираған, бүлінген үйлерді қалпына келтіре бастады.

Үйлер Түркиядан әкелінген жеңіл материалдардан тұрғызылып жатыр. Осы уақытқа дейін төрт үйдің қабырғасы қаланған.

Баткен облысының басшысы Мамыржан Рахимов 5 шілдеде шекарада жанжал кезінде 140 үй бүлінгенін айтты. Бұған дейін 136 үйдің қирағаны хабарланған.

Рахимовтың айтуынша, жаңа үйлердің құрылысы Қырғызстан тәуелсіздігі күніне дейін аяқталады.

Тәжікстан үкіметі Чоркух ауданында бүлінген 16 үйді екі айда жаңадан тұрғызып, 2 шілдеде тұрғындарға берді.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында 28-30 сәуірде қарулы қақтығыс болып, соның салдарынан ондаған адам қаза тапты.

Источник

Exit mobile version