Site icon KAZAKBOL

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының жас сарбаздар толысымы әскери ант қабылдады

Көктемгі шақырылым науқанында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне шақырылған 100-ге жуық жас сарбаздар әскери ант қабылдау рәсіміне келтірілді.

Атырау қаласындағы 41433 және Бейнеу ауылындағы 99116 әскери бөлімдерінде 100-ге жуық жас сарбаз, алғашқы әскери дайындығын аяқтап салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Салтанатты әскери ант қабылдау рәсіміне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері шақырылып, сарбадарға өздерінің ақ тілектерін білдірді.

Сарбаздар Алматы қаласы және Алматы облысынан шақырылған болатын. Әскери қызметшілердің ант қабылдау рәсіміне куәгер болуға, шалғайдағы ата-аналары мен туған туысқандары келді. Жас сарбаз, қатардағы жауынгер Елдос Темірханның анасы Роза Кулманованың айтуы бойынша: — Бұл біздің отбасымыз үшін өте ерекше күн болып табылады, себебі біздің ұлымыз кішкентай кезінен бері әскер қатарына барам деп айтып жүретін, енді міне арманы орындалды. Балама тек қана өз әскери борышын абыроймен өткізуге тілеймін, — деді.

99116 әскери бөлімінің командирі подполковник Ринат Калиевтің айтуы бойынша, ант қабылдау рәсімі ерекше әскери салттардың бірі болып табылады, бұл сәт әскери қызметшілерді Отаның сүюге және туған жердің патриоты болуға дәріптейді.

Ант қабалдау рәсімінен кейін, сарбаздарды алыстан келген ата-ана, туған-туыстарымен бірге сейілдемеге жіберді, енді олар тек бір жылдан соң ғана қауышатын болады.

Бүгінгі күні, әскер қатарына ата-бабаларымыздың жауынгерлік рухына сай, олардың абыройын түсірмейтін, Қазақстан Республикасына адал қызмет ететін, дене даярлығы мықты, білімді, өр мінезді сарбаздар ғана шақырылуда.

фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының

баспасөз қызметі

аға лейтенант Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

Exit mobile version