Site icon KAZAKBOL

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының командалық-басқару органдары командалық-штабтық көп сатылы жаттығуларды өткізуге жоғары жауынгерлік дайындық деңгейіне келтірілді.

Оқу-жаттығулар Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақовтың басшылығымен Құрлық әскерлерінің командалық және басқару органдарының, құрамалары мен бөлімдерін даярлау жоспарына сәйкес өткізілуде. Жаттығудың бірнеше кезеңі барысында штабтар мен командалық-басқару органдары бағынысты бөлімшелерді басқару бойынша біліктіліктерін арттырады.

«Көп сатылы командалық-штабтық жаттығулар әртүрлі деңгейдегі штабтардың қатысуын меңзейді, яғни Құрлық әскерлері, өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдер деңгейінде тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Басты ерекшелігі — бұл алыс қашықтықта орналасқан басқару органдарының арасында заманауи техникалық байланыс құралдары көмегімен ақпарат алмасу жүргізіледі», — деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы Басқармасының жедел басқарма бастығы полковник Талғат Кенжетаев.

Командалық-штабтық жаттығулар — бұл командирлердің, штабтардың және командалық-басқару қызметтерінің бірлескен жаттығуларының бір түрі. Аталмыш оқу-жаттығулар барысында әскери істің жаңа мәселелері зерттеліп, бағынысты бөлімшелерге басшылық етудің жетілдірілген әдістері жасалынады.

Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып өтті.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

Exit mobile version