Site icon KAZAKBOL

Батыс Қазақстандағы су тасқыны: 600-ден астам адам көшірілген

Kazakhstan. Flood in the village of Zhaksybay. Zhanibek district, West Kazakhstan region, April 3, 2022.

Су тасқынына байланысты үш ауданына төтенше жағдай енгізілен Батыс Қазақстан облысының тағы екі ауылын су алды. Үлкен тасқыннан қауіптенген құтқарушылар көрші облыстардағы әріптестерін шақырып жатыр.

Сәуірдің 3-іне таңертең Жәнібк ауданының Жақсыбай және Таловка ауылдарын су алды. Ауыл адамдары үйге су кіргенін айтып жатыр. Жақсыбай ауылынан тараған видеоға қарағанда көшедегі су кей тұстарда 1 метрге дейін көтерілген. Таловка ауылындағы кейбір үйлер зақымданған.

Азаттыққа хабарласқан Жақсыбай ауылының тұрғыны ауыл адамдары әдепкіде сай-саланың суға толғанына қуанғанын, ал сәуірдің 2-ісіне жағдай қиындай бастағанын айтты.

– Үйлердің жартысынан астамына зақым келді. Жақын маңдағы шекара бекетінің (Ресеймен шекарадағы ауыл — ред.) адамдары көмекке келді. Тұрғындарды түнімен сыртқа тасыды, ешкім ұйықтамады. Қайықпен шығарып, мектепке жеткізді. Су әлі келіп жатыр,- дейді жергілікті тұрғын.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарына қарағанда, Жақсыбайдағы 170 үйден 637 адам әкетілген, бұл — ауыл адамдарының жартысынан көбі. Ауыл мектебіне 305 адамды орналастырған, оның 89-ы балалар. Қалған адамдар туыстарының үйлеріне паналаған. Таловкада екі үйге су кіріп, құтқарушылар сегіз адамды алып шыққан. Олар туыстарының үйіне кеткен.

Жәнібек ауданында әзірге төтенше жағдай жарияланбаған. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарына қарағанда, бұл мәселе қарастырылып жатыр. Жергілікті билік көршілес Маңғыстау облысының құтқарушыларын көмекке шақырған.

Сенбі күні Батыс Қазақстан облысының 3 ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған. Қазір Бөрілі, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында төтенше жағдай болып тұр.

Сәуір басталғалы Ақтөбе облысында да су көтеріліп жатқаны хабарланып жатыр. Еріген қар суына тасыған өзен қосылып, Ақтөбе маңындағы бірнеше елдімекенді су басып қалған.

Источник

Exit mobile version