Site icon KAZAKBOL

Баян Есентаеваның жан құрбысы 41 жасында Шымкенттің келіні атанды

Аида Қауменова. Фото: whot.kz

Белгілі дизайнер Аида Қауменова өзінің сүйіктісін таныстырды. Ол 40-тан асқанда өмірлік жолдасын тауып, тұрмысқа шықты деп хабарлайды НТК арнасындағы «Ревюньюс» бағдарламасы.

– Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. 41-ге толып мен ойлаймын сүйікті, нағыз іздеп жүрген ер азаматпен қосылдым. Құрбым Баянның ақ орамалы бізге де жұғысты болды — деп, әзілдейді сәнгер.

Сәнгер шымкенттік ер азаматтың етегінен ұстап, таяу күндерде мешітте некелерін қидырған.

– Ең үлкен парызымыз Құдайдың алдынан өттік. Ал, қалғаны Құдайдың қолында, — дейді ол.

Әзірге, отау тігу салтанаттарының қай кезде болатынын дөп басып айта алмай отыр. Дегенмен, жақын келешекте қалыңдық көйлегін киіп, өнер мен өмірдегі үзеңгілестірінің басын қосып, дүбірлі той жасау ниеттері бар.

Әзірге келін шәй құйып, орамалды да тағып, сәлемді де салып қайын жұртына қызмет қылмақ. Сәнгердің алғашқы некеден бой жетіп қалған қызы бар.

Exit mobile version