Site icon KAZAKBOL

Байбектің велосипедке көшу ұсынысы желіде әзілдер легін тудырды

Ешбір жарқын оқиға желіде талқыланбай қалмайды.

24 ақпан күні Алматы тұрғындарымен кездескен Бауыржан Байбек көптеген мәлімдемелер жасаған болатын.

Мәселен, өзі және әкімдіктің 86 қызметкері көліктерін тастап, экологияны түзету үшін велосипедке көшетінін айтып қалды.

Байбек жұмысқа бара жатыр… Байбек оң жағында. Фото facebook.com/zaira.sabitova

Қала басшысының бұл мәлімдемесі желіде бірден пікірлер толқынын тудырды. Бірі балаларын велосипедпен мектепке жеткізе алмайтынын айтып ренжісе, енді бірі барлық жерде велосипедке арнайы жолдың жоқтығына шағымданды.

Неге Алматы әкімдігі бұған дейін баяу жұмыс істеді? Себебі бізде велосипед болмады. Фото facebook.com/SamJamKZ

Ал өзгелер Байбектің бұл бастамасын оң санап, велосипед тебу денсаулыққа да пайдалы екенін алға тартты.

Бұл мәлімдеме төңірегінде әзілдеп үлгергендер де табылды.

«Экономикалық дағдарыс көбіне алматылықтарға әсер етті: бір жыл өтпей жатып, біз вертолеттерден велосипедтерге отыруға мәжбүрміз», — деп әзілдеген Сергей есімді пайдаланушы.

Скриншот с сайта Колеса.kz

Осылайша, талайы түрлі пікір қалдырған тұрғындар енді, тек әкімнің өз сөзін қалай жүзеге асыратынын күтіп отыр.

Еске салсақ, 24 ақпан күні Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаңа джипі мен қызметтік «Мерседесін» мінуден бас тартатынын және көлігін тастап, велосипедке мінетінін айтып қалған болатын.

Дереккөз: Nur.kz

Exit mobile version