Site icon KAZAKBOL

Бекболат Тілеуханды қорғаштаған блогер халықты «тобырға» теңеді

Бекболат Тілеухан. Фото: inform.kz

Соңғы кездері көп сынға ұшырап жүрген Бекболат Тілеуханға жария хат жолдап, өзінің Facebook парақшасына пост жазған Азамат Битан есімді блогердің жазбасы желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды деп хабарлайды NUR.KZ 

«Тобыр бір кемшілігіңді көрсе, жүз жақсылығыңды ұмытып, жер аударып жіберуге бар. Әттең, тек қолдарында закон қуаты жоқ. Дәл осылар жиылып тас атуға құмар, соттауға құмар, дұрысты теріске шығаруға шебер», — деп халықтың басым көпшілігін «масқара үлкен күшке» теңеген Азамат жазбасының соңында: «Бекболат аға! Бірлі жарым әнші-сазгер, бірлі жарым шенеунік, бірлі жарым ғалым, бірлі жарым журналист, бірлі жарым философ-жазушының қызғаныш пен көреалмастықтан туған арыз-айқайын көңіліңізге алмағайсыз», — деп басу айтқан.

Фото: Facebook

Жазба авторының бұл сөздерімен келіспейтін желі қолданушылары: «Азамат Битан деген қай əулие?», «Қатты тиіпті ғой ағасының пасықтығын бетіне басқандардың сөзі. Төгіпті-ай захарын», «Бұлар бірдеңе болса Бекболат ағаларына xат жазып шығады екен», « Әркімнің тобыры әр түрлі. Мен үшін де біреулер тобыр. Мен де басқаға тобырмын», — деген сынды пікірлер жазып, өз наразылықтарын білдірген.

Айта кетерлігі, аталмыш постқа қарсы шыққандар қатарында атақты журналистер мен жазушылар да бар.

Exit mobile version