Site icon KAZAKBOL

Беларусь шетелдіктерге 30 күнге визасыз жүйе енгізді

Александр Лукашенко

Александр Лукашенко

Президент Александр Лукашенко 24 шілдеде 80 елден келетін туристерге Беларусь аумағында 30 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат беретін жарлыққа қол қойды. Аталған мемлекеттер ішінде Еуропа, АҚШ, Австралия және Жапония бар.

Лукашенко қол қойған жарлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Құжатта жаңа ереже туристік саланы дамытып, елді спорт жарыстары мен фестиваль өткізуге тартымды әрі қолайлы ету керек делінген.

30 күндік визасыз жүйе Беларусь астанасы Минскідегі бас әуежай арқылы ұшып келіп, ұшып кететін туристерге арналған. Жаңа ереже беларусь-ресей шекарасы арқылы өтетін туристерге жүрмейді. Себебі, онда бақылау бекеті тексеруге арналған заманауи технологиямен қамтамасыз етілмеген.

centralasian.org

Exit mobile version