Site icon KAZAKBOL

Беларусьта «мемлекетке сатқындық жасады» деп айыпталғандарға өлім жазасы енгізілді

Александр Лукашенко «Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі» заңға қол қойды. Енді мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталған шенеуніктер мен әскери қызметкерлерге өлім жазасы кесілуі мүмкін.

Құжатқа сәйкес «тыңшылық жасады, билікті басып алмақ болды» деген күдікпен ұсталғандарды қамауға алу мерзімі үш күннен он күнге дейін созылады.

Заң сонымен бірге терроризм насихаты мен Күш құрылым беделін түсіретін мәлімдемелерге қарсы жауапкершілікті күшейтті.

Құжатта сонымен бірге мемлекетке қарсы бағытталған бірқатар қылмыстар үшін жазаға қосымша 732,4 мың доллар көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Бүгінде Беларусьта «мемлекетке сатқындық жасады» деген баппен сотталғандар бар. Олар журналист Денис Ивашин (13 жыл түрме жазасына кесілген), медиаменеджер Андрей Александров (14 жыл бостандығынан айырылған), «Белсата» журналисі Катерина Андреева (8 жыл, 3 айға сотталған), Қарулы күштер капитаны Денис Урад (18 жыл) және тағы басқа азаматтар бар.

Источник

Exit mobile version