Беларусьта «Вагнер» жеке әскери компаниясының жауынгерлеріне арналған шатырда тұратын лагерлер әзірленіп жатыр.
«Вёрстка» басылымының мәліметінше, лагерлердің бірі Могилёв облысындағы Осипович қаласына жақын жердегі 24 мың шаршы алаңда ашылып, ол 8 мың жауынгерге лайықталған. Осипович қаласы украин-беларус шекарасынан 200 шақырым қашықта орналасқан.
Жалпы Беларусьта «Вагнердің» бірнеше лагері ашылады. Бірақ олардың саны бойынша мәлімет жоқ.
«Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин 25 маусымда Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен сөйлескеннен кейін қарулы қозғалысын тоқтатқанын мәлімдеген.
Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Пригожин «Беларусьқа кететінін» мәлімдеген.
Бұл арада Ресейде «Вагнердің» құрамына жаңа жалдамалы жауынгерлерді қабылдау жұмысы қайта жандананы хабарланып жатыр. ТАСС агенттігі дүйсенбі күні қабылдау орындары Новосибирск және Тюмень қалаларында ашылғанын жазды.
«Вагнердің» 24 маусымда алынған жарнамалары қайта қалпына келтіріліп жатыр. «Ротонда» басылымы Санкт-Петербург қаласында «Вагнер» жеке әскери компаниясының кеңсесі қайта жұмыс істей бастағанын хабарлады.