Site icon KAZAKBOL

Беларусьте Ресей мен Украина арасында келіссөздің екінші раунды аяқталды

Беларусьте Ресей мен Украина арасында келіссөздің екінші раунды аяқталды. Украина президенті кеңсесінің өкілі Михаил Подоляк «бізге керек нәтижеге қол жеткізе алмадық» деді.

Ол Ресеймен гуманитарлық коридор ұйымдастыру үшін уақытша атысты тоқтату туралы ғана келісімге келгендерін мәлімдеді.

«Бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін және атыс болып жатқан жерлерге дәрі-дәрмен пен азық-түлік жеткізу үшін уақытша атысты тоқтатуға келісті» деді Подоляк.

Украина тарабы келіссөздің үшінші раунды қашан болатыны белгісіз дейді.

Осының алдында Ресей президенті Владимир Путин мен Франция президенті телефонмен сөйлескен. Макронның ресми өкілі бұл кездесу жайлы былай дейді:

«Франция президенті қиындықтың бәрі алда деп күтеді. Себебі Путиннің айтқандарынан жылымық көрмеген. Ол алған бетінен таймай отыр. Путин әлем оның шартын қабылдайды деп күтеді. Егер оның шартын қабылдамаса ол Украинаны толық басып алғанша шабуылды жалғастыра бермек».

Ал Кремльдің хабарлауынша, Путин Макронмен телефон арқылы сөйлескенде Мәскеу мақсатына жететініне «сенім білдірген». Бұған дейін Путин Украина «қарусызданып», бейтарап статусқа ие болуы керек деген талап қойған еді.

Ресейдің Украинадағы басқыншылық соғысы жалғасып жатыр. Бейсенбі, 3 наурызға қараған түні Украинаның ондаған аймағында әуе дабылы қағылды. Киев, Харьков секілді бірқатар қалаға шабуыл жасалды. Бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар көбейгені хабарланып жатыр.

Источник

Exit mobile version