Site icon KAZAKBOL

Бердібек Сапарбаевтың жұмысына риза болған Назарбаев әкімнің арқасынан қақты

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысына әкім болғалы Астанадан үлкен қонақтар аз келген жоқ.

Жаңа басшы өзге шет елдермен де әріптестік байланыс орнатып үлгерді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік ахуал мен экономикалық дамуға жүйелі жоспарлар жасады. Атқарылған істерді көзімен көрген Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкіміне оң баға беріп кетті.

«Мен өткен жылы Бердібек Сапарбаевты әкім етіп тағайындадым. Өте тәжірибелі басшы. Үш облыста жұмыс істеді, шаруаға мығым. Бердібек менің сенімді әріптесім. Мен оны қолдаймын!»,- деді елбасы.

Агломерациялық төртінші аймақ ретінде аталған Ақтөбе облысына президент оң көзбен қарайтынын да атап, халқының тамаша екенін айтып кетті.

«Менің Ақтөбеге деген ықыласым бөлек. Өндірісі, мұнайы, шағын және орта кәсіпкерлік саласы, ауылшаруашылығы жан-жақты дамыған үлкен облыс. Халқы да жақсы»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 


 

Exit mobile version